Құқық қорғау органдары халықтан қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып ала бастады. Басты мақсат - қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, құқықбұзушылықтың жолын кесу. Тәртіп сақшылары тұрғындарды заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады. Маңыздысы – қаруды өз еркімен өткізген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұған қоса, тапсырылған әрбір қару үшін ақшалай сыйақы төленеді. Акция басталғалы-ақ нәтижесі көріне бастады. Тұрғындар 13 дана қаруды полицияға өткізген.