Еліміздің барлық өңірінде түлектер ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көркейтуге үлестерін қосты. «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджіне ел бойынша 100 мыңнан астам 9 және 11 сынып оқушылары қатысқан. Атыраулық оқушылар да қатардан қалмай, ұстаздарымен бірге мектеп аумағына шығып, көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Олар мектеп аулаларына 3 мың түп көшет отырғызды.