Музыка, ұлттық тағамдар мен сан түрлі халықтың дәстүрі бір алаңда тоғысты. Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледж стадионында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Мекенім - Қазақстан" атты фестиваль өтті. Ауқымды шараға студенттер, ұстаздар және әр өңірден келген қонақтар жиналды. Толығырақ тілші тарқатады.