Бүгінде облыста 10 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр. Олардың бір бөлігі - жоғары білімі жоқ азаматтар. Бұған себеп,
білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы алшақтық, мүмкіндіктер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі дейді сарапшылар. Бұған қоса, әлеуметтік және психологиялық кедергілер де жастардың мамандық таңдауына әсер етуде. Бұл мәселені шешу үшін өңірде бірқатар оқыту бағдарламалары мен жобалар іске қосылған. Соның бірі - «Isker Adamdar» жобасы.