«Өңірде жүргізілген көгалдандыру жұмыстары өз нәтижесін бермеді». Миллиардтаған қаржы бөлініп, ірі компаниялар тартылғанына қарамастан, кейбір жобалар толық іске аспаған. Ал отырғызылған ағаштардың бір бөлігі жерсінбей қалған. Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен өткен жиында жауапты мамандар осындай қорытындыға келді.