Өңірде су тапшылығын азайту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қиғаш және Шора өзендерінің арнасы тереңдетіліп жатыр. 2025 жылдың шілде айында Құрманғазы ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған байланысты «Бір терезе» қағидаты негізінде 40 млрд теңге қаржы бөлініп, маңызды жобалар жүзеге асырыла бастады.