Білім беру саласының мамандары "Тәжірибе кеңістігінде - жаңа ұрпақ тәрбиесі" атты ауқымды форумда бас қосты. Жиында қазіргі оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, 500-ге жуық педагог шәкірт тәрбиелеудегі озық әдіс-тәсілдерді меңгерді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов та қатысып, ұстаздар үшін өзара тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті.