Күй қағаны атанған аңыз тұлға Рысбай Ғабдиевтің 90 жылдығына арналған ІІІ республикалық домбырашылар байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 30 домбырашы қатысты. Олардың қатарында кәсіби музыканттар, ұстаздар және студенттер бар. Биылғы сайыстың ерекшелігі-қазылар алқасының шешімімен Гран-при жүлдесі алғаш рет екі қатысушыға табысталды.