Өңірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемді экологиялық акция өтті. Шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов, еріктілер, студенттер мен қала халқы қатысты. Сондай-ақ, жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері мен волонтерлер де экобастамаға өз үлестерін қосып, Ретро саябағының аумағына 50 түп шаған ағашын отырғызды.