1941 - 1945 жылдары шаруашылықта еңбектенген ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған қариялар, әйелдер мен балалар басты. Осылайша сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен елде қалған әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз еткені тарихтан белгілі. Бүгінде олардың ерен еңбегі мұрағат парақтарында сақтаулы. Сол жылдардағы өңір халқының тұрмыс-тіршілігін дәріптеу мақсатында «Тылдағы ерлік – Жеңіске жол» атты конференция өтті. Жиын барысында баяндамалар оқылып, бірқатар құнды құжат пен фотосуреттер ұсынылды.