«Ұлттық кітап күні» Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен ауқымды шараға 8 мыңнан астам адам жиналды. «Кітап fest» фестивалі өңірдегі ең ауқымды мәдени оқиғалардың бірі болды. Бұл жиынның бағдарламасы мазмұнға бай: балаларға арналған мюзикл қойылымдары, поэзиялық кештер, танымал қаламгерлермен кездесулер, баспалар жәрмеңкесі, сондай-ақ қолөнер мен бейнелеу өнері көрмелері ұйымдастырылды.