Нұрсая шағын ауданының тұрғындары үйлерінің маңында жиналған қоқысқа қатысты наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Тұрғындар мұндай жағдайдың денсаулықтары мен балалардың қауіпсіздігіне кері әсер ететінін айтады.