Өңірде қазақ тілін меңгеріп жүргендердің қатары көбейіп келеді. Қазірдің өзінде 400-ге жуық азамат тілді бастапқы деңгейде оқып жүр. Тыңдаушылардың басым бөлігі – түрлі этнос өкілдері. Ал оларға дәріс беретін оқытушылардың арасында үздік маманды анықтау үшін «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Сайыста 8 педагог өзара бақ сынаған.