Бүгінде жастар үшін ең үлкен қиындықтардың бірі жұмыс тәжірибесінің жоқтығы. Көп жағдайда жұмыс берушілер тәжірибелі мамандарды таңдағандықтан, олар үшін еңбек нарығына бейімделу оңайға соқпайды. Осы ретте «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы тиімді шешімдердің бірі болып отыр. Өйткені биыл бағдарлама аясында 350-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан.