Облыста алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілді. Лицензиясыз немесе заң талаптарын бұза отырып сауда жүргізетін кәсіпкерлерді анықтау және жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, биыл 3 мыңнан аса темекі өнімі мен 2 400-ден астам бөтелке алкоголь тәркіленген.