Атырау – Индер бағыты бойынша көлік қозғалысын биыл жаздың соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапары аясында аталмыш тасжолдың 0–10 км учаскесі мен Жастар көшесін қайта жаңғырту жобаларының жүру барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерімен жұмыстың жүзеге асырудағы негізгі мәселелерін талқылады.