Бірінші сыныпқа баратын жеткіншектердің құжаттарын қабылдау мерзімі өзгерді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, биыл өтініштер 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады. Ал өңірде құжат қабылдау процессі маусым айында басталады. Бұл жайында қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова баспасөз брифингінде айтты.