Бүгін халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі. Атаулы дата балалар әдебиетінің маңызын арттырып, жас ұрпақты кітап оқуға баулуға арналған ерекше мереке.