Облыс аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі толық дайын. Қазіргі таңда қажетті күштер мен құралдар әзірленіп, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мамандардың мәліметінше, Жайық өзені деңгейі 12 сантиметрге көтерілген. Дегенмен, ахуал тұрақты, алаңдауға негіз жоқ.