Жолда сақ болыңыз. Жуырда елімізде жаяу жүргіншілерге қатысты жаңа заң күшіне енді. Осыған орай көшедегі бейнебақылау камералары тіркеген құқықбұзушылықтар үшін жаяу жүргіншілерге де автоматты түрде айыппұл салынбақ. Яғни, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, қоқыс тастау немесе рұқсат етілмеген жерде темекі шегу секілді тәртіпбұзушылықтар камераға түссе, айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Толығырақ Ақтоты Өркешбаева баяндасын.