Өңірде "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті қабырғасында «Жас ұрпақ көзқарасымен: заң мен тәртіптің болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған студенттер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.