Полиция қызметкерлері кіші аяқ доп турнирінде бас қосты. Полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевті еске алуға арналған жарысты қалалық полиция басқармасының Патрульдік полиция батальоны ұйымдастырды. Оған облыстық ПД, қалалық №1 және №2 полиция басқармаларының қызметкерлері, «Динамо» қоғамдық бірлестігі және блогерлерден құралған 10 команда қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде марқұмның отбасына ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.