Шаһардағы №39 мектепте «Тәртіп – қоғам айнасы» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол семинар ұйымдастырылды. Заң мен тәртіп қағидаты аясында өткен бұл маңызды шараға білім ошағының 100-ден астам оқушысы белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.