Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар біте қайнасқан. Өңірдегі діни ахуалды сауықтыру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге жиналған сала мамандары мен профессорлар осындай пікірге тоқталды. Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кешенді жоспары аясында облыстық дін басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр.