«Радуга звуков» орталығы өңірде 20 жылдан бері есту қабілетін тексеру және қалпына келтіру қызметін көрсетіп келеді. Мұнда балалар мен ересектерге заманауи есту аппараттары таңдалып, оларды орнатып, әр адамның естуіне қарай реттеп береді. Мамандардың айтуынша, уақытында қаралу естуді жақсартып, адамның өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.