«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылқоға ауданында «Сталкингті тоқтат: Қауіпсіздік – әр адамның құқығы» тақырыбында ауқымды форум өтті. Мектеп оқушылары, жастар және аудан тұрғындары қатысқан шара аудандық ішкі істер бөлімі бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыру.