Республикалық референдумға байланысты түсіндіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Бүгін қалдағы Кәсіподақтар үйінде жұмысшы топ өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Іс-шара барысында коалиция мүшелері жаңа конституциялық жобаның негізгі бағыттарын таныстырып, оның мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндірді.