Жазушылар одағының мүшесі, республикалық Махамбет сыйлығының лауреаты Бақытгүл Бабаштың 45 жас мерейтойына орай «Бақыт гүлі» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Рухани кешке ақынның әріптестері, өнерсүйер қауым, жас қаламгерлер мен студенттер қатысып, жыр әлемінің әсерлі сәттеріне куә болды.