Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Шексіз инклюзивті спорт» шеберлік сабағы өтті. Арнайы орталық базасында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, олардың дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.