Бұдан кейін коалиция өкілдері онкодиспансер ұжымымен де кездесті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылып отырған өзгерістер түсіндірілді. Одан бөлек, денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілгендігі айтылды. Жоба аясында азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы, медициналық көмектің қолжетімділігі және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша түйткілдер қамтылды. Мәселен, жаңа онкологиялық диспансер ғимаратын салу және науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту проблемасы көтерілген.