Облыс аумағында 9 аумақтық референдум комиссиясы іске кірісті. Ал 22 ақпанда өңір бойынша 276 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастайды. Жауапты органдардың мәліметінше, саяси науқанды өткізуге дайындық жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, референдум өткізу үшін арнайы жаңа комиссия құрылмаған. Бұл науқанды жергілікті сайлау комиссиялары жүргізеді. Ал учаскелердің орналасқан жері 19 ақпанда облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде кеңінен жарияланатын болады.