Еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Қызылқоға ауданында тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді.