Республикалық референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті кездесу Абай орталығында ұйымдастырылды. Мұнда түсіндіру жұмыстарына өңірлік коалиция мүшелері және білім саласының мамандары қатысты. Педагогикалық қауымдастыққа жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, ұсынылған өзгерістер түсіндірілді.