Алдағы уақытта өңірдегі ауа-райы өтпелі кезеңге тән құбылмалы болмақ. Өңірде тұрақты жылыну әзірге күтілмейді. Мамандардың болжамына сәйкес, алдағы екі аптада күндіз ауа температурасы +12 градусқа дейін көтерілсе, түнде −2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Кей күндері жел күшейіп, таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ жекелеген күндері жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Мұндай ауа райы метеосезімтал адамдардың денсаулығына әсер етіп жатады. Сондай-ақ түнгі салқындаудан кейін таңертең және кешкі уақытта жолдарда көктайғақ пайда болып, көлік қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан, жүргізушілерге жолда сақтық танытып, арақашықтықты сақтау ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілер тайғақ учаскелерге назар аударуы тиіс. Жалпы, синоптиктердің сөзінше, өңірде біртіндеп жылыну үрдісі байқалғанымен көктемгі жылу әлі орнамайды.