«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Мақат локомотив депосы ұжымымен кездесті. Мұнда олар жаңа ата заңның әр бабына тоқталып, мазмұнын ашты. Өз кезегінде қатысушылар жекелеген баптарға қатысты көкейдегі сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Ал теміржол саласының мамандары жаңа конституция жобасының кәсіпкерлікті қолдап, ғылым мен мәдениетті, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталғанын ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай кездесулер халықтың пікірін ескеруге, өзгерістердің мән-маңызын жан-жақты түсіндіруге ықпал етеді. Сондықтан алдағы көктемнің алғашқы айында өтетін референдумға халық белсенділікпен барып, өз таңдауын жасауы қажет.