Жаңа Конституция жобасына байланысты қоғамдық кездесулер жалғасып жатыр. Референдум қарсаңында кәсіби қауымдастықтарға ерекше назар аударылуда. Мұндай кездесулердің бірі медицина саласының өкілдерімен өтті. Қатысушыларға азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқықтарына қатысты жаңа ережелер түсіндірілді.