Өңірде «Atyrau Volunteer Corps» жобалық кеңсесі құрылмақ. Кеңсе өңірдегі волонтерлік бастамаларды үйлестіретін бірыңғай орталық ретінде жұмыс істейді. Яғни, волонтерлердің ортақ базасын қалыптастырып, оқыту мен мотивациялық шараларды ұйымдастыруға, ақпараттық сүйемелдеуді күшейтуге бағытталмақ.