Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтуде. Алқалы жиында елдің саяси-әлеуметтік даму бағыттары мен қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелер талқылануда. Жиында Президент Жаңа Парламентке «Құрылтай» атауын беруді ұсынды. Себебі Құрылтай ұғымының тарихы терең, мағынасы халыққа жақын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы депутаттар санын арттырмай, Жаңа Парламентте төрағаның үш орынбасары болуы керектігін және комитеттер саны сегізден аспауы тиіс екенін атап өтті. Ұлттық құрылтай жұмысына өңірден облыстық қоғамдық кеңестің бұрынғы төрағасы Мақсым Ізбасов қатысып жатыр. Оның айтуынша, алқалы жиынның бесінші отырысының Сыр өңірінде өтуі-тарихи маңызы зор оқиға.