Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді. Ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды алаң қайта жұмысын бастамақ. Жиынға зиялы қауым өкілдері, сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Жиналған қауым бұған дейін қабылданған бастамалардың нәтижесін саралап, жаңа ұсыныстарды қарастырады. Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өтуі өңірлердің жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызын арттырып, қоғамдық пікірдің шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін айқындай түспек. Осы орайда тарих ғылымдарының докторы, сарапшы Сайфолла Сапанов Ұлттық құрылтайдың маңызы мен оның заманауи қоғам дамуына ықпалы жөнінде өз пікірін білдірді.