Православ қауымының ең маңызды мерекелерінің бірі-Крещение мейрамына дайындық қызу жүріп жатыр. Дәстүрге сай, қаңтардың18-інен 19-ына қараған түні діни амал жасалып, хрестияндар қытымыр қыстың салқындығына қарамастан суға шомылады. Биыл бұл рәсімді қауіпсіз жағдайда өткізу үшін облыс аумағында арнайы 7 ресми орын белгіленген. Оның үшеуі қала аумағында орналасқан. Толығырақ тілші тарқатады.