Православтық христиандар «Крещение Господне» діни мерекесін атап өтті. Дәстүрлі діни рәсім 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні басталды. Сенімге сәйкес, дәл осы күні крест салынған су тазарып, ерекше қасиетке ие болған. Яғни, бұл күні кез келген су, тіпті краннан аққан судың өзі қасиетті саналады.