Өткен жылы аймақта 1200-ге жуық киберқылмыс дерегі тіркелген. Алаяқтардың құрығына түсетіндердің көпшілігі егде жастағы азаматтар. Олардың цифрлық қауіпсіздігін арттырып, интернет арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері сақтық шараларын түсіндірді.