Тәуелсіздік күні-қазақ халқының ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің жемісі әрі еліміздің ең басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Осыған орай "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында бой көтерген №46 жалпы орта білім беретін білім ордасында оқушыларға арналған арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды.Сабақ барысында балалар Тәуелсіздіктің маңызын өз ойларымен жеткізіп, түрлі шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Толығырақ әріптесім Ақтоты Өркешбаева таратсын.