Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі 95 жылдық мерейтойына орай «Дәстүр мен даму» атты мерекелік іс-шара өткізді. Оған ардагер ұстаздар, әр жылдардағы түлектер, серіктес мекемелер мен білім ұйымдарының өкілдері қатысты. Мерейтой аясында TechSpace атты үш жаңа инновациялық шығармашылық кабинет салтанатты түрде ашылды. Заманауи техникалық жабдықтармен қамтылған бұл кабинеттер студенттердің инженерлік, цифрлық және шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған. Сондай-ақ, мерекелік жиын барысында колледж мақтаныш Халықаралық EuroSkills Herning-2025 чемпионатының жеңімпазы салтанатты түрде марапатталды. Және маман даярлау мен материалдық-техникалық базаны нығайтуға үлес қосып отырған серіктес компания өкілдері мен колледж ұстаздары арнайы құрметке ие болды.Олар колледжбен бірлескен жобалардың маңыздылығын атап өтіп, оқу орнының кәсіби білім берудегі рөлін жоғары бағалады.