С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Атырау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа мамандықтар Атласын әзірлеуге арналған форсайт-сессия өтті. Мұндағы негізгі мақсат – еңбек нарығының болашақ сұранысын болжау арқылы аймақтың кадр саясатын жаңғырту және жаңа буын мамандардын даярлауға бағыт беру.