Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысы және Мемлекет басшысының мақұлдауымен қараша айынан бастап еліміздегі құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздеріне тиесілі алғашқы тұрғын үй төлемдерін ала бастады. Бұл маңызды әлеуметтік бастама Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.