Құрманғазы ауданында Атырау облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Шарада ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланып, жас ұрпаққа рухани өнеге қалдыру мәселесі көтерілді.