«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41 433 әскери бөлімі 100 сарбазбен толықты. Жас жауынгерлер ант қабылдап, Отанға қалтқысыз қызмет етуге серт берді. Сарбаздар үшін аса маңызды іс-шараға олардың туыстары мен достары, әскери бөлім командирлері қатысты. Осылайша, олар жас ұландарға қолдау көрсетті.