Бүгінде еліміздің мұнай-газ химия кешені стратегиялық даму жолында тұр. Қазақстанның дәстүрлі инновациялық-технологиялық дамуға көшуі - экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты факторы. Бұл процесс тек мұнай-газ ғана емес, адам капиталына, білім мен технологияларға сүйенеді. «Химия инженериясы және процесстер» атты көшпелі отырыста бас қосқан сала мамандары осындай ой айтып, тәжірибелі кадр дайындау жайында пікір алмасты.