Мемлекеттік қызметшілер волейболдан өзара бақ сынасты. 15 қараша – Валюта және қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылған сайысқа 15 команда қатысқан. Олардың қатарында Атырау облысы Қазынашылық департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері, полиция және экономикалық тергеп-тексеру департаменттері бар. Ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысушыларға сәттілік тіледі.